«Нұр Отан» партиясының Маңғыстау облыстық филиалында «Жоғары технологияларды дамыту» бағыты бойынша сараптама комиссиясының отырысы өтті. Онда «Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы аясында Маңғыстау облысы бойынша атқарылған жұмыстар және алда тұрған міндеттер туралы» өңірлік мемлекеттік–жекеменшік әріптестік орталығы АҚ қызметкері Нұрболат Жүсіповтың баяндамасы тыңдалды.

Маңғыстау облысы әкімінің өкімімен өткен жылғы қараша айында құрылған облыстың Цифрландыру кеңсесі көптеген нәтижеге қол жеткізген. Баяндамашының айтуынша, цифрландыру бойынша өзара іс-қимылға 121 субъекті анықталды. Олар — Ақтау және Жаңаөзен қалаларының әкімдіктері, Түпқараған, Бейнеу, Мұнайлы, Қарақия, Маңғыстау аудандарының әкімдіктері, қаржы басқармасы, білім басқармасы, денсаулық сақтау басқармасы, сәулет және қала құрылысы басқармасы, жер қатынастары басқармасы, жастар саясаты жөніндегі басқарма, энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы, туризм басқармасы, Маңғыстау облысының жердің пайдаланылуы мен қорғалуы басқармасы, табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы, ішкі саясат басқармасы, ветеринария басқармасы, кәсіпкерлік және сауда басқармасы, еңбек басқармасы, дене шынықтыру және спорт басқармасы, экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы, тілдерді дамыту, мұрағаттар мен құжаттама басқармасы, құрылыс басқармасы, мәдениет басқармасы, индустриялық-инновациялық дамыту жөніндегі басқармасы, жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы, ауыл шаруашылығы басқармасы, мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауы басқармасы, мемлекеттік сатып алу басқармасы және департаменттер мен аумақтық органдар, құқық қорғау органдары, комитеттер, квазимемлекеттік ұйымдары, сондай-ақ мұнай және мердігер компаниялар.

Осылардың ішінде 56 субъектімен жеке түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Сондай-ақ «Ақылды қаланың»  11 бастамаларымен жол картасы әзірленді. Бұлар — «Қауіпсіз қала» бейнебақылау жүйелерін енгізу және қызмет көрсету. Мұның іске асыру мерзімі — биылғы қаңтар мен 2019 жылдың шілде айы. «Қауіпсіз аула» бейнебақылау жүйелерін енгізу және қызмет көрсету жол картасының іске асыру мерзімі — 2018 жылдың қаңтар – 2019 жылғы маусым.

Сонымен қатар «Сымсыз WiFi байланыс желілерін ұйымдастыру»-«Smart city–WiFi», «Е-коммерс ауыл шаруашылығы өнімдері үшін алаңы», «Маңғыстау облысының инновациялық экожүйесінің дамыту жобасы», «Электронды мектеп» бұлтты платформасы, Электрондық туристік веб-платформасы, «Электронды колледж» білім беру жүйесі, «Блокчейн технологиясын пайдалана «Архив» ықпалдастырылған ақпараттық жүйесі», Маңғыстау облысының денсаулық сақтау жүйесін цифрландыру, МБДМ электрондық кезек мониторинг жүйесі дайын. Бұлардың барлығы 2018-2021 жылдары жүзеге асырылмақ.

«Жылдам жеңістер бастамалары» жол картасы да әзірленді. Бұлар:

1) Бұлтты құжат айналымы+Электронды еңбек шарты (кітапшасы) (ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігімен бірлесіп)-білім беру саласында.

2) BilimLand қашықтықтан оқыту арқылы+босаған кадрларды қайта мамандау (ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігімен бірлесіп)-білім беру саласында.

3) Инновациялық экожүйені дамыту-білім беру саласында.

4) Оқу ұйымдарын басқару жүйесі-білім беру саласында.

5) T-HUNTER (мұғалімдерді жұмысқа алу автоматизациясы)- білім беру саласында.

6) 1-сыныпқа электронды жазылу-білім беру саласында.

Цифрландыру аясында субъектілермен өзара іс-қимылға механизм  енгізілді. Нысаналы индикаторлар жүйесі әзірленіп, оны денсаулық сақтау басқармасы  мен «Каспий» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамы жүзеге асырды.

ТАҒЫ ОҚЫҢЫЗ: Маңғыстаудың ерекше көріністері (ФОТО)

Бүгінде «Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасын Маңғыстау облысына енгізуге стратегиялық жоспар әзірленуде. Сондай-ақ цифрландыру бойынша облыстың дайындығы жөнінде  есеп дайындалуда.

Отырыста қатысушылар қаралған мәселе бойынша сауалдарына жауап алып, өз ойларын ортаға салды және тиісті шешімдер қабылданды.

  Валентина ҚОЗЫБАҚОВА

Алдыңғы«Caspian Start-Up 2018»: ең үздік 20 жоба иесі анықталды
КелесіӘбіш әлемі – кеніш әлемі
Валентина Қозыбақова
Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университетінің журналистика факультетін, халықаралық телестудия мектебін бітірген. Түрікменстанда қазақ тілінде шығып тұрған «Жұмысшы» газетінде тілші, жауапты хатшы, бас редактордың орынбасары, Маңғыстау облыстық телеарнасында радио-тележурналист, республикалық «Қазақстан Заман» газетінің Маңғыстау облысы бойынша меншікті тілшісі қызметтерін атқарған. Маңғыстау облыстық «Маңғыстау» газетінің тілшісі.

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікір жолын бос қалдырмаңыз!
Аты жөніңізді жазыңыз