Бүгін Қазақстанда Тұңғыш Президент күні тойлануда, — деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі. 

2011 жылғы 10 желтоқсанда Қазақстан Республикасының Парламент Сенаты депутаттарының бастамасымен «Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы» ҚР Заңына толықтырулар енгізу туралы Заң қабылданды.

Бұл күн жайдан-жай таңдалған жоқ. 1991 жылы 1 желтоқсанда тәуелсіз Қазақ елінде алғашқы президенттік сайлау өтіп, онда Нұрсұлтан Назарбаев халықтың зор сенімімен, яғни сайлаушылардың 98,78 пайыз дауысымен жеңіске жеткенболатын.

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікір жолын бос қалдырмаңыз!
Аты жөніңізді жазыңыз