Ауданның 10 жылдығына орай, «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында Қызылтөбе мәдениет үйінің ұйымдастыруымен бағзы бабалардың аманатын арқалаған облыстық күйшілер, жыршылар байқауы өтті. Оған 20 үміткер қатысты. Яғни, күйшілер номинациясы бойынша 12,  жыршы-термешілерден 8 адам бақ сынасты.

Халыққа көненің көзіндей сақталған сөз бен сазды жеткізген кеш күні бойына жалғасты. Өнерсүйер қауым рухани азық алып, өнерді жанына серік еткен азаматтар өздерін тағы да шыңдай түсті.

– Байқау нәтижесінде күйшілерден І орын мұнайлылық  Кенжебек Аяғановқа, ІІ орын түпқарағандық  Рафаэль Қарғабаев пен жаңаөзендік Өркен Туебаевқа бұйырды. ІІІ орынды ақтаулық  Кенжебек Бижанов, Райымбек Мұхамеджанов, мұнайлылық Үсен  Алшынов өзара бөлісті. Жыршы-термешілерден жыр жауһарын І орынға лайықты етіп орындаған ауданымыздың өнер мектебінің ұстазы Темірбек Асқанбаев болды. ІІ орынды  Ақтау қаласынан Болат Бисенқұл мен Оспан Құлсымақ алды. ІІІ орын ақтаулық Манаш Әділбаев, Маңғыстау ауданынан Әбубәкір Нұрниязовтың еншісіне тиді, – дейді Қызылтөбе мәдениет үйінің директоры Ақмарал Нәрембаева.

Тағы оқыңыздар: Маңғыстаудағы ветеринариялық қауіпсіздік

Жеңімпаздарға диплом, бағалы сыйлықтар берілді. Қалғандар да ынталандыру марапаттарын алды.

Жыр-күй сайысына республикалық  жыршылар байқауының жүлдегері Жеткізген  Сейітов, Өнер колледжінің мұғалімі Сәбит Шектібаев, облыстық филармонияның әртісі  Серікқали Ізімбергенов пен солисті Данияр Сағынғали әділқазылық етті.

Ш. ЖҰМАН

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікір жолын бос қалдырмаңыз!
Аты жөніңізді жазыңыз