Абай атындағы мәдени-демалыс кешенінде Тәуелсіздік мейрамына арналған салтанатты жиын өтті. Мерекелік салтанатқа облыс әкімі, облыстық мемлекеттік органдар мен ұйымдардың басшылары, облыстық мәслихат депутаттары, кәсіпорын басшылары мен бизнес өкілдері, өңірдің қала мен аудандарынан келген делегациялар, азаматтық қоғам институтының жетекшілері мен жастар белсенділері қатысты.

Сахна төріне мемлекеттік Ту әкелініп, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Әнұраны орындалды.

Мерекелік салтанатта Маңғыстау облысының әкімі Ералы Тоғжанов жинал­ғандар­ды елі­міз­дің ең ұлық мерекесі – Тәуелсіз­дік күні мейрамымен құттықтап сөз сөйледі. Тәуелсіздік және ел егемендігін баянды етуге ерен еңбегі сіңген Елбасы атауының егіз ұғым ретінде қабылданатындығын айтқан өңір басшысы, мемлекетіміздің дамуы және оған сүбелі үлес қосып отырған аймағымыздың жетістіктері, экономика мен рухани сананы жаңғыртудағы маңызды бастамалар мен атқарылған істер, қолға алынған ірі жобалар туралы тоқталып, сан салада еңбек табыстарымен мерекелік тарту жасап жатқан барша маңғыстаулықтар­ға алғысын айтты.

Аймақ басшысы сахна төрі­нен ҚР Президентінің 2017 жылғы 5 желтоқсандағы №594 Жар­лығы бойынша мемлекеттік жә­не қоғамдық қызметте сіңірген еңбегі, елдің әлеуметтік, экономикалық және мәде­ни дамуына, халықтар арасындағы достық пен ынтымақтастықты нығайтуға қосқан елеулі еңбегі үшін мемлекеттік наградалармен наградталған бір топ азаматтарға марапаттарын табыс етті. Олар­дың қатарында «Парасат» ордені – еңбек ардагері Басшы Әзірхановқа және Маңғыстау облысы Қоғамдық кеңесінің төрағасы Сағын Қырым­құловқа табысталды. Ал, «Құрмет» орденімен – ақын Сабыр Адай, «Мерос» ЖШС директоры Мереке Дүйсенбаев, дәрігер Талғат Мұқантаев, ақын Светқали Нұржан, Маңғыстау облысы әкімі аппаратының басшысы Асқар Рзаханов, «Алғыс» ЖШС директоры Қожагелді Тоқбанов және еңбек ардагері Бектұр Төлеуғалиев  марапатталды. Сонымен бір­ге ІІІ дәрежелі «Еңбек даңқы» ордені, «Ерен еңбегі үшін» медалі, «Шапағат» медалі, Қазақстан Республикасының Құрмет грамотасы, Қазақстан Халқы Ассамблеясының «Құрмет» грамотасы мен алғыс хаты, «Еңбек ардагері» медалі де тапсырылды.

Облыстық мәслихаттың «Маңғыстау облысының Құрметті азаматы» атағын беру туралы шешіміне сәйкес, қоғам қайраткері, мұнай-газ және мемлекеттік қызмет саласының ардагері Есен Күмісқали, қоғам қайраткері, құрылыс және су шаруашылығы саласының ардагері Шынабай Ақкенжеев, қоғам қайраткері, облыстық ардагерлер кеңесі төрағасының орынбасары Ақмоншақ  Баужанова, қоғам қайраткері, Н.Жантө­рин атын­дағы Маңғыстау облыстық музыкалық-драма театрының директоры Нұрнияз Мұханов, қоғам қайраткері, тыл ардагері және мұнай-газ саласының ардагері Баймұрат Дүйсенғалиев ие болды.

Шара  Маңғыстау жұлдыздарының мерекелік концертімен аяқталды.

М.ҚУАНЫШҰЛЫ

Cуреттерді түсірген Серік МАЙЕМЕРОВ

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікір жолын бос қалдырмаңыз!
Аты жөніңізді жазыңыз