Баланың ұйқысы қанбаса, жасушалардың қартаюы жылдамдайды екен. Ал бұл өз кезегінде денсаулыққа зиян келтіруі мүмкін», — деп жазады «Life.ru».

Теломерлер — хромосома ұшындағы қалпақшалар — ағзамызда жасуша бөлінген сайын кішірейеді. Олар тым кішерейген сәтте ары қарай бөліне алмайды да, қартая бастайды. Кей зерттеушілер ұйқының ұзақтығы мен теломерлердің ұзындығы арасында байланыс барын ашты.

Пристон университетінің бір топ ғалымы АҚШ-тың әр жеріндегі 1567 балаға зерттеу жасап көрген. Олар тоғыз жастағы балалардың сілекейінен ДНҚ сынамасын алып, ондағы теломерлердің ұзындығын өлшеген. Зерттеу қорытындысы ұйқысы қанбайтын балалардың теломері қысқа екенін көрсетті.

«Ұйқы жеткіліксіз болған әр сағат сайын теломер ұзындығы 1,5 пайызға қысқарады», — дейді зерттеушілердің бірі Сара Джеймс.

Әдетте теломерлердің қысқа болуы обыр, жүрек аурулары және когнитив мүмкіндіктердің төмендеуімен байланысты. Балалардың әлі жас болуына байланысты бұл аурулар байқалмағанымен, уақыт өте осы дерттерге шалдығу қаупі жоғары болмақ екені айтылады.

Ғалымдар баланың ұйқысы 9-11 сағат болуы керек екенін айтады.

Алайда кей зерттеулер тым ұзақ ұйқы ұйқының қанбауымен теңдей зиян болатынын көрсеткен. Мұндағы түйткіл ұйқының ұзақтығы теломерлердің қалпына келгеннен кейін, ары қарай өсуіне ықпал ете ме, жоқ па — белгісіз болып отырғанында.

Дереккөз: kaz.tengrinews.kz

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікір жолын бос қалдырмаңыз!
Аты жөніңізді жазыңыз