Пуэрторикалық әншілер Луис Фонси мен Дэдди Янкидің Despacito әніне түсірген бейнебаяны YouТube арнасында абсолютті рекорд орнатты, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі.

Despacito әнінің бейнебаяны бес миллиард рет қаралған. Ол видеохостингте 2017 жылдың 12 қаңтарында жарияланған. Жарты жылдың ішінде ол YouTube-та ең көп қаралатын видеоға айналды, осы уақыт аралығында шамамен үш миллиард рет қаралған.

Ал, екінші орыннан 3 миллиард 489 миллион рет қаралған америкалық рэпер Wiz Khalifa және әнші Чарли Путаның See you again әніне түсірген бейнебаяны көрінді.

Үздік үштікті Эд Ширанның Shape of you әніне түсірген бейнебаяны қорытындылады, ол 3 миллиард 413 миллион рет қаралған.

Бақ.кз

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікір жолын бос қалдырмаңыз!
Аты жөніңізді жазыңыз