«Биылғы жылы зейнетке шыққан ата-аналарыңыз, туыстарыңыз болса, хабардар етіңіздер! Егер зейнетке дейін жұмыс істеп жинаған қаржысы болса, арыз жазып 937 000 теңгеге дейін 1  реттік төлем ала алады. Егер зейнет жасы 31 желтоқсан күні толатын болса, онда Бірыңғай жинақтаушы Зейнетақы  Қоры (БжЗқ) сол күні де жұмыс істеп, арызды қабылдайды». 

Әлеуметтік желіде белсенді таралып жатқан бұл хабарландыру  ресми расталып отыр. Сол себепті 2016 жылы зейнет жасы жеткен Қазақстан азаматы 1 реттік төлем алу үшін БжЗқ-ға жеке құжатымен баруы тиіс. 

«ҚР Зейнетақымен қамтамасыз ету туралы заңнамасына енгізілген өзгертулерге сәйкес, 2018 жылдың 1 қаңтарынан бастап зейнет жасына жеткен қазақстандықтар ақшасын бұрынғыдай бірден емес, ай сайын алатын болады», — деді БжЗқ АҚ басқарма төрайымы Нұрбүбі Наурызбаева қарашада айтқан мәлімдемесін.

Демек жаңа жылдан бастап зейнет жасына жеткен азаматтар бұрынғыдай өздерінің жинағын бірден шешіп ала алмайды.

Егер зейнет жасына биыл толып, құжаттарды келесі жылы реттермін деп жүрген болсаңыз, асығыңыз! Бір реттік төлем алу  мүмкіндігі тек биыл ғана  жүзеге асырылады.

Сондай-ақ 2017 жылдың 1 қаңтарынан бастап зейнетақы мөлшері 8%-ға, базалық зейнетақы 6%-ға, жәрдемақылар мөлшері 16%-ға өсетінін қаперіңізге береміз.

Айгүл ДӘДЕН 

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікір жолын бос қалдырмаңыз!
Аты жөніңізді жазыңыз