Жаңа мыңжылдықтағы ақпараттық технологиялардың қарыштап дамуы нәтижесінде ғаламтор әлемдік сипатқа ие болып, таралымы мен тағылымы зор құбылысқа айналды, заманымыздың бүкіл болмысын айқындайтын ортақ құндылық болып қалыптасты.

Осы заманға қарай медианың жаңа түрі қалыптасты. Жаңа медиа – ақпарат ұсынудың жаңа форматы. Әрине, онлайнсыз ол мүмкін емес. Яғни жұмыс интернетте жүреді. Ал, интернетке келу – журналист үшін, әуесқой маман үшін заман талабы. Бұл салада кәсіби сауаттылықты арттыру мақсатында Таушық ауылдық мәдениет үйінде Түпқараған аудандық жастар ресурстық орталығы мен «Түпқараған жастары» жастар қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен аудан жастарына, мекемеде әлеуметтік желімен жұмыс жасайтын мамандарға арналған семинар болып өтті. Семинарды алдымен бірлестік төрағасы Н.Мағдатов ашып, Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың «Президенттің бес әлеуметтік бастамасы» атты үндеуі бойынша өз пікірін білдіріп, үндеумен жастарды танысуға және міндеттерді бірлесе жүзеге асыруға шақырды. Семинарда ақпаратты жаңаша форматта жедел жеткізу, ақпаратты сауатты жазу мен оны әлеуметтік желіде кеңінен тарату мақсатында «Ақкетік арайы» газетінің бас редакторы Милана Елеусинова және фото мен таспаны сапалы түсіру, оны әлеуметтік желіге жүктеу, таспаны монтаждау бойынша Түпқараған аудандық мәдениет үйінің қызметкері, виджей Қуанышбек Сабанов өз тәжірибелерімен бөлісті. Сонымен қатар ақпараттарды инфографикаға салып жасау мен жасалған инфографиканы қызмет бабында қолдану түсіндірілді. Ұйымдастырушы тараптан қатысушыларға сертификат тапсырылды.

Наурызбек МАҒДАТОВ,
Түпқараған аудандық жастармен жұмыс жөніндегі маман

ТАҒЫ ОҚЫҢЫЗ: Қазақстандық жаңа мессенджер — «QALAISYŃ»

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікір жолын бос қалдырмаңыз!
Аты жөніңізді жазыңыз