9 адамның өмірін жалмап, 27 адам жарақат алған «Газель» автокөлігі 2002 жылғы екен. Маңғыстау облыстық көлік басқармасының басшысы Дәурен Табжановтың айтуынша, көлік құжаттары дұрыс.

«Газель» көлігі қоғамдық мақсатта жеке кәсіпкерден жалданған болып шықты.

— №3 маршрут 2 бағытта барлығы 19 км жол жүреді, Жаңаөзен-Теңге аралығында 36 аялдамаға тоқтайды. 36 адамды мінгізген маршрут 15 адамға есептелген. Бұл қоғамдық көлікке жауапты жеке кәсіпкер тұрақты тасымалдаушы ретінде 2016 жылы куәлік алған, барлық заңды құжаттары тіркелген, куәлік мерзімінің уақыты 2019 жылы бітеді, — дейді Дәурен Табжанов.

— Жол полициясы да бұл мәселеге жауап береді. Олар автобусқа аузы мұрнынан шығарып адам тиеп жүрген жағдайды көре тұре тиісті шара қолданбаған. Көші-қон полициясы да бұл мәселеге жауапты. Өйткені «Газель» жүргізушісі Қазақстан азаматы емес. Ал оның немен айналысқанын солар білуі тиіс еді, — дейді Маңғыстау облыстық прокуратурасының басқарма бастығы Азамат Уәлиев.

Өткелдің диспетчерінен де жауап алынған. Айтуынша станцияның кезекшісі пойыздың келе жатқанын оған ескертпеген. Сондықтан әбден отарба жақындаған кезде байқаған екен.

Теңге ауылының тұрғындарын дүр сілкіндірген бұл апатқа кінәлілер көбейіп жатыр. Біз сот шешімі мен тергеу қорытындысын алдағы уақытта жариялайтын боламыз.

Айгүл ДӘДЕН
Суретті түсірген Талант ҚҰСАЙЫН

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікір жолын бос қалдырмаңыз!
Аты жөніңізді жазыңыз